Қазақстанда балық аулау: балықтар мен су жануарларының бағалы түрлерінің тізбесі бекітілді

Рыба, рыболовство, рыбный отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 14:41 Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі бұйрығымен балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының бағалы түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімге бағалы балықтар мен басқа да су жануарларының 67 түрі енгізілген, оның ішінде:

  • Қортпа
  • Орыс бекiресi
  • Шоқыр
  • Пiлмай (Арал және Іле популяциясынан басқасы)
  • Сүйрiк
  • Бадырақкөздi шерміш
  • Каспий теңіз майшабағы, бражников майшабағы
  • Каспий өтпелі майшабағы, қара жон
  • Жұмырбасты қарынсау
  • Майқап
  • Көкшұбар
  • Парсы бекіресі
  • Пайдабалық
  • Бадырақкөздi тюлька
  • Каспий шерміші
  • Сiбiр қадырғысы
  • Тікен, сингиль
  • Шортан
  • Торта
  • Тұрпан
  • Аққайран
  • Ақ амур
  • Ақмарқа
  • Қызыл қанат
  • Балпанбалық
  • Қырлықұрсақ
  • Оңғақ
  • Едiл қызылкөзi
  • Кәдiмгi шармай
  • Қабыршақсыз көкбас
  • Майбалық
  • Табан
  • Қылышбалық
  • Алтын түсті мөңке
  • Сазан (тұқы)
  • Ақ дөңмаңдай
  • Шұбар дөңмаңдай
  • Кәдімгі жайын
  • Нәлiм
  • Қабыршақты көкбас
  • Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясынан басқа)
  • Кәдімгі көксерке
  • Берш
  • Атлант майшабағы
  • Үлкенауызды буффало
  • Түйетабан
  • Ұзынсаусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы)
  • Анчоустектес тюлька (майшабақ)
  • Қара теңіз каспий тюлькасы
  • Құбылмалы бахтах (микижа)
  • Айнакөз
  • Көктыран
  • Өзен алабұғасы
  • Марқакөл майқабы
  • Теңіз көксеркесі
  • Кәдімгі ақсаха
  • Сүйіртұмсықты тікен
  • Қаракөз
  • Балқаш шармайы
  • Күміс түстес мөңке
  • Тұрпа
  • Кәдімгі таутан
  • Артемия жұмыртқалары (циста)
  • Гаммарус
  • Сүліктер
  • Дафния
  • Күтім

Бұйрық 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: