Қазақстанда аң аулауға рұқсат етілген бағалы жануарлардың тізімі жаңартылды

Бұған дейін тізімге 67 су жануарының түрі, соның ішінде бағалы балықтар да кірген болатын:, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 16:00 Сурет: pixabay
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен аңшылық нысаны болып табылатын бағалы жануарлар түрлерінің тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңартылған тізімге 35 сүтқоректілер мен 59 құс түрі енгізілді. Атап айтқанда, олардың қатарында:

Сүтқоректілер:

  • Түлкі
  • Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа)
  • Бұлғын
  • Құну
  • Америкалық күзен
  • Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа)
  • Елік, бұлан, қабан, сайғақ
  • Сібір таутекесі
  • Қояндар
  • Қасқыр және т.б.

Құстар:

  • Қызылтұмсық және қарамойнақ суқұзғын
  • Қаздар
  • Көкала үйрек, сұр үйрек
  • Шіл, орман кептері
  • Бұлдырық, құр
  • Бөдене
  • Қырғауыл
  • Торғай тектес көгершіндер
  • Секпіл
  • Үлкен және орта қаратұмсық қырғилар және т.б.

Бұған дейін тізімге 67 су жануарының түрі, соның ішінде бағалы балықтар да кірген болатын:

  • Бекіре, сүйрік
  • Орыс бекіресі
  • Бекіре тұқымдастар (стерлядь), пелядь
  • Шортан
  • Ақ амур
  • Сазан
  • Тұқы (толстолобик)
  • Кәдімгі судақ
  • Камбала
  • Радужная форель

Енді бұл су жануарлары аңшылық нысандарының тізімінен алынып тасталды.

Бұйрық 2025 жылдың 20 қазанынан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: