Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға тыйым салынды

Экология министрлігі, аңшылық, ерекше қорғалатын жерлер, балық аулау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 12:24 Сурет: pixabay
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әуесқой (спорттық) аңшылыққа тыйым салу енгізілді.

Дегенмен мұндай аймақтарда рұқсат етіледі:

  • әуесқой (спорттық) балық аулау;

  • қорықтың күзет режимі бар орындарын қоспағанда, осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрі-дәрмектік шөптерді әуесқойлық мақсатта жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру, марал өсіру, бақ шаруашылығы;

  • арнайы бөлінген учаскелерде шөп шабу мен мал жаю мақсаттарында жол беріледі.

Бұл ретте, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң шектелген шаруашылық және туристік-рекреациялық қызметi аймақтарында және мемлекеттiк табиғи резерваттардың буферлік аймағында әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол берiлетiнi көрсетiледi.

Бұйрық 2022 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: