Азаматтарға арналған үкімет арқылы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жөніндегі жоба іске қосылды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 14:34 Фото: gov4c.kz
Ауыл шаруашылығы және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлерінің бірлескен бұйрығымен Азаматтарға арналған үкіметтің фронт-офистері арқылы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

"2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Алматы қаласы мен Қостанай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі арқылы "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және оларға мемлекеттік нөмірлік белгісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі пилоттық жобасы іске қосылсын",- делінген құжатта.

Жоба 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Алматы қаласында және Қостанай облысында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ақпараттық жүйесі арқылы іске қосылған.

Сондай-ақ, пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілді.

Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалының фронт-офисіне жүгінеді.

Фронт-офиске жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттар беру үшін электрондық кезек талонын алады.

2.0 ХҚКО ИАЖ-дегі фронт-офис жұмыскері мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын сәйкестендіру;
  • ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
  • алымдарды және (немесе) мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәліметтерді тексеру;
  • ұсынылған құжаттарды сканерлеу;
  • ЭЦҚ қойылған электрондық өтінішті қалыптастыру.

Көрсетілетін қызметті алушыны не оның өкілін биометриялық сәйкестендірудің теріс нәтижесі алынған жағдайда, фронт-офис жұмыскері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ұсынады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда фронт-офис қызметкері де құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Қалыптастырылған электрондық өтініш және ұсынылған құжаттардың сканерленген көшірмелері ЭЦҚ куәландырылғаннан кейін онлайн режимде орындау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші электрондық өтініш және қажетті құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 2.0 ХҚКО ИАЖ МОАЖО-да мыналарды жүзеге асырады:

  • ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру;
  • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің деректерін тексеру;
  • тіркеу әрекеттері жүзеге асырылып жатқан техникаға қатысты 2.0 ХҚКО ИАЖ немесе деректер мұрағатында МТНБ тексеру жүргізу;
  • ЭЦҚ пайдалана отырып, өтінімді бекіту/бас тарту туралы шешім қабылдау.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі оң болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2.0 ХҚКО ИАЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу құжатының (телнұсқаның) және (немесе) берілген уақыты мен орнын көрсетіп, нөмірлік белгілердің дайындығы туралы SMS-хабарлама жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші техникалық паспорт пен МТНБ бойынша мәліметтерді 2.0 ХҚКО ИАЖ ақпараттық жүйесіне қолмен енгізеді.

Ұсынылған мәліметтерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2.0 ХҚКО ИАЖ МО АЖО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қолданыстағы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге 2.0 ХҚКО ИАЖ МО АЖО-на қалыптастырылған құжаттар топтамасы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінім сағат 17-00-ден кейін келіп түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің есебі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Дайын құжаттар "Цифрлық құжаттар" сервисінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болған құжаттар Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде бір ай бойы сақталуға тиіс. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мұрағат құжаттарын фронт-офистерден әкетуді көрсетілетін қызметті беруші дербес жүзеге асырады.

Мұрағаттық құжаттарды тапсыру көрсетілетін қызметті беруші мен фронт-офисінің басшысы не оны алмастыратын адамның қолдары қойылған екі данада жасалған қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: