Интернет-алаң иелерінің МКК-ға деректерді ұсынуы: қағидалар бекітілді

Интернет-алаң иелерінің МКК-ға деректерді ұсынуы: қағидалар бекітілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 13:02 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі 2025 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен интернет-платформалар иелерімен МКК-ға ұсынылатын мәліметтердің нысандарын, ұсыну қағидаларын бекітті. Ол ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер және төлемдер туралы ақпаратты қамтиды.

Интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы.

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында (kgd.gov.kz) орналастырылған.

Интернет-алаң иесі есептік айдан кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмей Комитетке Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді нысан бойынша ұсынады.

Мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Егер тауарлар мен қызметтердің өткізілуі, сондай-ақ төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған болса, мұндай сатылым мен төлемнің сомасы өткізу және (немесе) төлем жасалған күнге уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп айқындаған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертацияланады.

Мәліметтер Комитетке интеграцияланған салық әкімшілендіру жүйесі (ИСӘЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, ИСӘЖ арқылы ұсынылады. ИСӘЖ техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларда Мәліметтер Комитетке қағаз күйінде пошта байланысы арқылы ұсынылады.

ИСӘЖ техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы ақпарат Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы баспасөз релизін жариялау арқылы расталады.

ИСӘЖ интеграция орнатылғанға дейін Мәліметтер қағаз түрінде ұсынылады.

Мәліметтер Комитетке қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады және оларды ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

Ұйым басшысы ұсынылған Мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылығына жеке жауапты болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Толтыруға жататын деректер болмаған жағдайда, Мәліметтер нөлдік мәнімен ұсынылады.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: