Көппәтерлі тұрғын үйлердің және олардың басқарушыларының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді

Новостройка, новостройки, новые дома, новый дом, жилые комплексы, ЖК, квартиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 16:48 Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен КЖТ басқарушыларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекітті.

Тұрғын үй инспекциясы қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда мынадай тізілімдерді жүргізеді:

  • нысан бойынша кондоминиум объектісін басқару нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің және кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімі;
  • нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаратын кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің тізілімі.

Тізілімдер тұрғын үй инспекциясының интернет-ресурсында орналастырылады.

Тізілімдердегі мәліметтер мына негізде қалыптастырылады және өзектендіріледі:

  • азаматтардың өтініштері;
  • тұрғын үй инспекциясы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша;
  • қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу аясында;
  • тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу және қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу аясында;
  • кондоминиум объектісін басқару субъектілері жіберетін ақпарат.

Тізілімдерді жүргізу мыналарды қамтиды:

  • Тізілімдердің мазмұнын жаңарту мақсатында бақылау жүргізуді;
  • мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, тікелей бірлескен басқарудағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері және кондоминиум объектісін басқару субъектілері ұсынған мәліметтер өзгерген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, тікелей бірлескен басқарудағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері және кондоминиум объектісін басқару субъектілері жазбаша жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімінің мәліметтерін өзектендіруді;
  • кондоминиум объектілерін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың ұсынылған ақпараты негізінде тұрғын үй инспекциясы жыл сайын жүргізетін кондоминиум объектілерін басқару және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімің мәліметтерін өзектендіру.

Бұйрық 2025 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: