Сандық активтердің тізімі мен құнын анықтау: 2026 жылдан бастап жаңа ережелер енгізіледі
Фото: pexels
Цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құнын айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-желісінде жарияланған ақпаратты қолданылады.
Цифрлық активтердің құнын Комитет күн сайын www.coinmarketcap.com цифрлық активтер бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күні айқындалады.
Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген цифрлық активтердің құны үшін Комитетпен www.сoinmarketcap.com тәулік қорытындысы бойыша қалыптасқан цифрлық активтердің орташа өлшенген құнын алынады.
Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған цифрлық активтердің құны қолданылады.
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнинг пулының, цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында цифрлық активтердің құны цифрлық актив алынған күнге айқындалады.
Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер оларды алған күніне уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп ресми айқындалған бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.
Комитет интернет-желісі бар жеке және заңды тұлғамен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді интернет-желісінде жариялауға салықтық әкімшілендіру үшін ақпараттық сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайды.
Комитет өзінің ресми интернет-желісінде Шарт жасаған тұлға туралы және оның интернет-желісіне сілтемені жариялайды.
Шарт жасаған тұлға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей өзіне тиесілі интернет-желісінде Тізбеге сәйкес цифрлық активтердің құнын жариялайды.
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингтік пулдары, сондай-ақ цифрлық активтер биржалары Тізбеге енгізілмеген цифрлық активтер бойынша кірісті айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-ресурсында орналастырылған цифрлық активтердің құнын пайдаланады.
Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі:
- Bitcoin;
- Ethereum;
- Litecoin;
- Tether USDt;
- BNB;
- Cardano;
- Solana;
- STEPN;
- Polygon;
- EOS;
- Chainlink;
- TRON;
- Biteeu Commodities Exchange Gold және басқалары.
Бұл тізімде барлығы 114 криптовалюта бар.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.