Энергетика министрлігі консалтингтік қызметтердің құнын айқындау қағидаларын жаңартты
Фото: freepik
Энергетика министрі 2025 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен Министрліктің зерттеулер мен консалтингтік қызметтерінің құнын айқындау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеулер мен консалтингтік қызметтердің құнына келесі тікелей пайдаланылатын шығыстар кіреді:
- қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбекақысы;
- әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары;
- қосылған құн салығы (ҚҚС);
- зерттеулер жүргізетін ұйымдар қызметкерлерінің іссапар шығыстары (ел ішіндегі қызметтік сапарлар);
- сыртқы сарапшыларды тарту;
- материалдар сатып алу (тұтынылатын материалдар, кеңсе тауарлары);
- байланыс қызметтері;
- көлік қызметтері;
- полиграфиялық шығындар (бланкілік өнімдерді көбейту: сауалнамалар, маршруттық парақтар, карточкалар, зерттеу есептері, тест тапсырмалары, түптеу, тігу және құжаттарды өңдеу);
- курьерлік қызметтер (материалдарды жіберу);
- мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына қол жеткізу;
- аударма қызметтері.
Зерттеу жүргізуге немесе консалтингтік қызмет көрсетуге арналған бюджеттік сұранысты қалыптастыру кезінде әрбір шығыс бабы тиісті негіздеме құжаттарымен расталуы тиіс (орындаушының штаттық кестесі, есеп-қисаптар, шарттардың көшірмелері, кемінде үш баға ұсынысы).
Бұйрық 2025 жылғы 14 шілдеден бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript