Алматыда бірнеше ер адам 18 жастағы бозбаланы жабыла сабаған

Ұрып-соғу, жабылу, сабау, Алматы, ер адамдар, 18 жастағы бозбала, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 21:08 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 11-нен 12 қазанға қараған түні Алмалы ауданындағы "Шашлыкоф" дәмханасында төбелес болды. Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның 18 жастағы жігітті жабыла соққыға жыққанын сипаттайтын видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, жас жігіттің басынан ұрып, мұрнын сындырып, ернін жарақаттаған. Оның айтуынша, бірінші соққыдан кейін ол есінен танып қалған, бірақ, соған қарамастан қаскөйлер оны ұрып-соғуын жалғастыра берген.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды.

"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталды. Оларға қатысты объективті мән-жайды және қатысушылардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіледі". Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар полиция барлық кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті: әрбір қатысушының іс-әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екені де нақтыланады.

Бұған дейін Астанада түнгі клубтардың бірінде болған төбелес кезінде 19 жастағы жігіттің қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: