ЕАЭО-да ет өнімдерін әкелуге квоталар белгіленді

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 09:55 Фото: Zakon.kz
ЕЭК Алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты 2026 жылға тарифтік квоталар белгілеу туралы шешімі қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 2026 жылға тарифтік квоталар белгіленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін мынадай тауарларға қатысты тарифтік квоталардың көлемі бөлінді:

Ірі қара малдың еті, балғын немесе салқындатылған, мұздатылған:

  • Армения – 8 мың тонна;
  • Қазақстан – 21 мың тонна;
  • Қырғызстан – 5 мың тонна;
  • Ресей – 40 мың тонна + 530 мың тонна.

Шошқа еті балғын, салқындатылған немесе мұздатылған:

  • Армения – 13 мың тонна;
  • Беларусь – 20 мың тонна;
  • Қырғызстан – 2 мың тонна.

Балғын, салқындатылған немесе мұздатылған құс еті:

үй тауықтарының мұздатылған сүйексіз жартысы немесе төрттен бір бөлігі және үй тауықтарының мұздатылған сүйексіз аяқтары және олардың бөліктері:

  • Армения - 42 мың тонна;
  • Қазақстан - 128 мың тонна;
  • Қырғызстан - 48 мың тонна;
  • Ресей - 250 мың тонна.

Келесілерге де квоталар белгіленді:

  • үй тауықтарының балғын еті немесе салқындатылған күйі;
  • үй тауықтарының еті мұздатылған;
  • ұнтақталған күркетауық еті балғын немесе салқындатылған, мұздатылған күйде;
  • сүт сарысуының және өзгертілген сүт сарысуының жекелеген түрлері, ұнтақта, түйіршіктерде немесе басқа қатты түрлерде, қант немесе басқа да дәмдеуіштер қосылмаған.

Тарифтік квоталар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден шығарылатын және әкелінетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты қолданылады.

Бұйрық 2025 жылдың 11 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: