Алаяқтықпен күресу: тасымалдаушыларға рұқсат етілмеген трафикті өткізіп жіберуге тыйым салынды

Желі, Трафик, Рұқсат етілмеген трафикті өткізіп жіберу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 15:04 Сурет: pexels
Премьер-Министр орынбасарының – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы бұйрығымен трафикті өткізіп жіберуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Құжатта нақтыланғандай, санкцияланбаған трафик (фрод) – трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик.

Қосу нәтижесінде құрылған желілердің техникалық құралдары бойынша жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон трафигін, деректерді беру трафигін (оның ішінде IP-телефония операторларының трафигін), ұялы байланыс желілерінен/желілеріне трафикті өткізу тек қосылатын және қосылып отырған операторлар арасында жасалған шарттар негізінде рұқсат етіледі.

Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне телекоммуникациялар желісінде жергілікті, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс желілерінде санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.

Абоненттің нөмірі (А нөмірі) айырбасталған трафикті қоса алғанда, санкцияланбаған трафик (фрод) өткізілген жағдайда трафикті қабылдайтын байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері бір тәулік ішінде осы трафикті жіберген байланыс операторын хабардар етеді.

Желісінен санкцияланбаған трафиктің (фродтың) өткізілгені туралы хабарламаны алған байланыс операторы үш күнтізбелік күн ішінде себебін анықтап, осындай трафикті жоюға шаралар қабылдау керек.

Санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізіп жіберуді жоймаған жағдайда, байланыс операторы, өз желісіне осындай трафикті қабылдайтын телекоммуникация желілерінің иелері сот органдарына жүгінеді.

Бұйрық 2025 жылғы 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: