Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді

Тапанша, Павлодар облысы, заңсыз сақтау, атыс қаруы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 19:38 Сурет: pixabay
Павлодар облысында полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, мал айдау учаскелерін, сондай-ақ автокөліктерді тексеріп, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, арнайы іс-шара басталғаннан бері 11 заңсыз сақталған атыс қаруы мен 20 дана оқ-дәрі тәркіленген.

"Мәселен, Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қолынан қолдан жасалған қалам-пистолет алынды. Ал Павлодар қаласында облыс орталығы тұрғынынан "Reck" тапаншасы тәркіленді. Барлық қарулар бойынша баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға мынаны ескертеді:

  • атыс қаруын өз еркімен тапсырған азамат заңсыз сақтау дерегі үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады;
  • заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ақылы түрде өткізуге ниет білдіргендер кез келген полиция бөліміне өтінішпен жүгіне алады.
"Бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымының алдын алу", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін ҚР ІІМ қызметкерлері Ресейде арнайы операция жүргізіп, РФ-ның төрт азаматын ұстағанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: