Тағдырларды күйрететін үнсіз тәуелділік: прокуратура ел азаматтарына үндеу жасады

Әлеуметтік ролик, Алматы, прокуратура, лудомания, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 13:42 Сурет: видеодан алынды
Алматы қаласының прокуратурасы тағдырларды күйрететін үнсіз тәуелділік - лудомияны сипаттайтын әлеуметтік ролик түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны ҚР Бас прокуратурасы желіде бөлісті.

Кадрлардан жас өнерпаздың сахнада пианионо ойнаған, ал залда жақындары оны тамашалап отырған сәті бейнеленеді. Бір кезде ол пианино орнына компьютер пернетақтасын ұрғылап, бәс тігуге кіріседі. Осы кезде залдағы оның туған-туыстарының түрі бұзылып, уайымға салынады. Сондай-ақ видео соңында ойынға берілген адамның туған-туыстары қара түнекке еніп, жоқ болады.

"Ойынға әуестік – шектен шыққанда, бұл көңіл көтеру емес. Біздің айнымас қағидамыз – "Заң мен Тәртіп". Жауапкершілікке, саналы әрекетке және тәуелділіктен ада өмірді таңдауға шақырамыз", - дейді Алматы қаласының прокуратурасы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: