Қайта өңдеу өнімдерін әкелу және әкету туралы ереже бекітілді
Фото: freepik
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкету кезінде осындай алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резиденті-салық төлеуші (бұдан әрі – салық төлеуші) орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына әкелу туралы міндеттемені алыс беріс-шикізаты тиеп жөнелтілген айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей ұсынады.
Егер әкелу туралы міндеттемеде көрсетілген қайта өңдеу өнімдерін әкелу мерзімі аяқталғанға дейін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы шартқа (келісімшартқа) қосымша келісіммен өзгерістер енгізілсе, онда осындай өзгерістер бойынша салық төлеуші бұрын ұсынылған әкелу туралы міндеттемені кері қайтарып алу жолымен бір мезгілде алдыңғы міндеттемеде көрсетілген мерзім өткенге дейін әкелу туралы жаңа міндеттемені ұсынады.
Бұл ретте әкелу туралы міндеттемеде көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын тиеп жөнелткен күннен бастап 2 жылдан аспайды.
Әкелу туралы міндеттеме қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылады.
Қағаз тасығышта әкелу туралы міндеттеме:
- келу тәртібімен ұсынылады;
- қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады;
- салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) куәландырылады;
- алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асыратын салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына 2 (екі) данада табыс етіледі, оның бір данасы қабылдау туралы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге немесе оның уәкілетті өкіліне қайтарылады.
Қағаз жеткізгіште әкелу туралы міндеттемені толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазартуға жол берілмейді.
Әкелу туралы міндеттемеге алыс-беріс шикізатының әкетілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі:
- алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
- тауарға ілеспе құжаттар.
Әкелу туралы міндеттемені орындау нысан бойынша қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындау туралы есеп (бұдан әрі – әкелу туралы міндеттеме бойынша есеп) міндеттемеде көрсетілген қайта өңдеу өнімдерін әкелу айынан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін әкелу және (немесе) Салық кодексінің 524-бабында белгіленген мерзімдерде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін өткізу туралы міндеттемені орындау болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 2 және 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Салық төлеуші ұсынған әкелу туралы міндеттеме негізінде мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 21-бабы 5) тармақшасына сәйкесуәкілетті орган бекіткен дербес шоттарды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен тауарларды әкету күніне төлеу мерзімі бойынша бюджеттік сыныптама кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептеуді жүргізеді.
Әкелу туралы міндеттеме бойынша есепте мынадай:
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- аумағында қайта өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- Қазақстан Республикасының аумағына белгіленген мерзімдерде әкелінбеген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Әкелу туралы міндеттеме бойынша есеп қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жасалады.
Әкелу туралы міндеттеме бойынша есеп талаптар ескеріле отырып жасалады, қол қойылады және ұсынылады.
Әкелу туралы міндеттеме бойынша есепке:
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар:
- орындалған жұмыс актілері;
- шот-фактуралар;
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін әкелуді растайтын құжаттар:
- ол болған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін әкелуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
- тауарға ілеспе құжаттар қоса беріледі.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеуге алыс-беріс шикізатын әкелу кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын салық төлеуші орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына алыс-беріс шикізаты есепке алынған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей әкету туралы міндеттеме ұсынады.
Егер әкету туралы міндеттемеде көрсетілген қайта өңдеу өнімдерін әкету мерзімі аяқталғанға дейін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы шартқа (келісімшартқа) қосымша келісіммен өзгерістер енгізілсе, онда мұндай өзгерістер бойынша салық төлеуші әкету туралы бұрын ұсынылған міндеттемені кері қайтарып алу жолымен бір мезгілде әкету туралы алдыңғы міндеттемеде көрсетілген мерзім өткенге дейін әкету туралы жаңа міндеттемені ұсынады.
Бұл ретте әкету туралы міндеттемеде көрсетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын есепке алған күннен бастап 2 жылдан аспайды.
Әкету туралы міндеттеме қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылады.
Әкету туралы міндеттеме бойынша есепте мынадай:
- Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін сатып алған салық төлеуші туралы;
- бұрын аумағынан осындай алыс-беріс шикізатын әкелу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы;
- Қазақстан Республикасының аумағынан белгіленген мерзімде әкетілмеген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Әкету туралы міндеттеме бойынша есеп қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жасалады.
Әкету туралы міндеттеме бойынша есепке:
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар:
- орындалған жұмыс актілері;
- шот-фактуралар;
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін әкетуді растайтын құжаттар:
- Ол болған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін әкетуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
- тауарға ілеспе құжаттар қоса беріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.