Ақтауда аса ірі мөлшердегі психотроптық затты сақтап, тасымалдаған азамат жеті жылға сотталды

Сот, Ақтау, аса ірі мөлшер, психотроптық зат, сақтау, тасымалдау, ер адам, жеті жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 19:45 Сурет: Zakon.kz
Ақтау қалалық сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдау дерегі бойынша (ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшердегі психотроптық затты өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны, тыйым салынған заттар оның киімінің қалтасынан және тұрғылықты мекен-жайынан табылғаны анықталды. Сотталушының кінәсі тінту хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, тінту бейнежазбасымен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

"Сотталушы кінәсін жартылай мойындады. Сот сотталушының жауапкершілігін ауырлататын мән-жайларды анықтамағандықтан, оны ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігінің, 1, 3-тармақтарымен кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырыды", делінген сот хабарламасында.

Жазаны өтеу орны ретінде қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Щучинскіде жасырын орынға есірткі қойып жатқан 18 жастағы жігіт ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: