Қазақстан мен Түрікменстан қылмыспен бірлесіп күреседі: Тоқаев заңға қол қойды

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 15:29 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметі арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған келісім 2024 жылдың 10 қазанында Ашхабадта Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары аясында жасалған.

Келісім тиімді өзара әрекеттесуге құқықтық негіз қалыптастырып, қазіргі қауіптердің толық спектрін қамтиды, оның ішінде:

  • ұйымдасқан қылмыс, терроризм және экстремизм (соның ішінде олардың қаржыландырылуы);
  • сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар;
  • ақпараттық технологиялар саласындағы құқықбұзушылықтар (киберқылмыс);
  • өзге де қылмыс түрлері бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.

Ынтымақтастық өзара сұранымдарды орындау, жедел-іздестіру және криминалистикалық ақпарат алмасу, тәжірибе және мамандар алмасу, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыруға жәрдемдесу арқылы жүзеге асады.

Жалпы, құжат тек жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіби құзыреттерді дамытуға да мүмкіндік береді. Келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықтың берік құқықтық негізін қалыптастырып, қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттырады, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ құзырлы органдар арасындағы өзара сенімді нығайтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: