Араб компаниясы оңтүстік Қазақстанда жел электр станциясын салады: Тоқаев заңға қол қойды

Араб компаниясы оңтүстік Қазақстанда жел электр станциясын салады: Тоқаев заңға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 11:27 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімге 2023 жылдың 2 желтоқсанында Дубайда қол қойылған.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жоспарлануда.

Жел электр стансасының жобасы күшті жел кезінде өндірілген артық энергияны жинақтауға және оны ең жоғары жүктеме кезінде желіге беруге мүмкіндік беретін қуаттылығы 300 МВт және қуаты 600 МВт/сағ энергия сақтаудың ең заманауи жүйелерінің бірін енгізуді көздейді.

Жобаны консорциум жүзеге асыруда: акциялардың 40%-ы БАӘ-нің Masdar және W Solar компаниясына, 18%-ы "Samruk-Energo Qazaq Green Power" компаниясына, 2%-ы Қазақстанның инвестициялық даму қорының еншісінде.

Келісім ірі жобалар орындауы тиіс шарттарды анықтайды, атап айтқанда:

  • қуаттылығы – 1 ГВт;
  • көмірқышқыл газының (СО₂) шығарындыларының жыл сайынғы төмендеуі;
  • жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру;
  • жобаларды елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне интеграциялаудың тұрақтылығы мен сенімділігі;
  • елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.

Келісімде қазақстандық тарап инвесторға заңнама мен электр желілері ережелеріндегі өзгерістерді қоса алғанда, кез келген өскен шығындар үшін, сондай-ақ бәсекелес жобаларды салу және жер телімінің құнын өсіру кезінде өтемақы төлеуге міндетті екендігі қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын жел ағынына әсер етуі мүмкін жақын жерде қандай да бір жобаларды немесе құрылыстарды салуға рұқсат беру талап етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: