Тоқаев Кипрмен қылмыскерлермен өзара алмасу шарты туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев, заң, Қазақстан, Кипр, қылмыскерлермен алмасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 18:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2023 жылғы 7 қарашада таратқан хабарламасында.

Аталған заң жобасын Сенат 2023 жылы 23 қазанда мақұлдады.

Шарттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы құзыретті органдары арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеу.

Құқықтық көмек аясында шарт мынадай процестік әрекеттерді қамтиды:

  • құжаттарды, шақыру қағаздарын және заттарды беру мен табыс етуді;
  • адамның жеке басын анықтауды, оның және заттардың тұрған жерін айқындауды;
  • бейне байланыс бойынша айғақтарды қоса алғанда, айғақтар мен арыздар алуды;
  • тінтуді, тыйым салуды және тәркілеуді жүзеге асыруды;
  • құжаттарға немесе заттарға сараптама жүргізуді;
  • ақпарат және дәлелдемелер алмасуды қамтиды.

Сондай-ақ, осы шартта көзделген құқықтық көмектің белгілі бір түрлері сақталмаған жағдайларда, мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оның ұлттық заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе - құқықтық көмек көрсетуден бас тарту ескерілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: