Асыранды балаға ажырасқан әке алимент төлеуі керек пе - заңгер жауабы

Асыранды бала, ажырасу, әке, алимент, заңгер  , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 16:19 Сурет: pixabay
Еліміздің азаматтарының бірінде мынандай сұрақ туындады: егер отбасы бала асырап алса, содан кейін отбасы бұзылған жағдайда әкесі алимент төлеуге міндетті ме, әлде жоқ па, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сұраққа "Диапазон" басылымы адвокат Алена Дулядан жауап алды. Ол әке ата-ананың барлық міндеттемелерін орындауы керектігін айтады.

"Әрине, ол алимент төлеуі керек, өйткені ол ата-ана ретінде кезінде мойнына алған барлық міндеттемені орындауы тиіс. Асырап алынған бала мен оның ұрпақтары асырап алушыларға және олардың туыстарына қатысты, ал асырап алушылар мен олардың туыстары – асырап алынған балаға және оның ұрпақтарына қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер бойынша туыстарға теңестіріледі". Алена Дуля

Алайда, оның айтуынша, егер бала асырап алғанының заңдық күші жойылса, онда алимент төлеу бойынша міндеттемелер де күшін жояды.

Айта кетсек, Қазақстанда алимент төлеушілер жарты жылда 18 миллиард теңгеден астам қарыз ақшаны қайтарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: