Ақтаудағы дәмханалардың біріндегі қайғылы оқиға: полиция қылмыстық іс қозғады

Полиция, Ақтау, дәмхана, суицид, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 19:31 Сурет: Zakon.kz
Ақтауда, 7А ықшам ауданында, теңіз жағалауындағы дәмханалардың бірінен 1 желтоқсанда дарға асылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымы бейресми мәліметтерге сүйене отырып, 24 жастағы жергілікті тұрғынның көз жұмғанын хабарлайды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, оның асылып өлгені белгілі болды. Оқиға орнында жазып қалдырды дейтіндей хат табылған жоқ. Туыстары оның басынан проблема болғанын білдіретіндей белгілерді байқамағандарын айтады", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының, 1-бөлігі, "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу, өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе ат салысу" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Талғар ауданында топ жігіт жандарынан өтіп бара жатқан адамды аяусыз соққыға жыққанын хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: