Шымкентте есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі шетелдік ұсталды

Ұсталды, Шымкент, есірткі, жасыру, шетелдік  , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 19:40 Сурет: pexels
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын жасырын орындарға қоюмен айналысқан екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында олардың бірінен алдын ала өткізуге дайындалған сегіз орама есірткі және скотчпен қапталған полиэтилен пакетіне салынған ұнтақ түріндегі есірткі заты тәркіленді.

"Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 200 грамды құрайды. Белгілі болғандай, ол қаладағы қонақ үйлердің бірінде тұрып, қала аумағында байланыссыз жолмен есірткі таратумен айналысқан және жасырын орындардың мекенжайымен мессенджерде бөлісіп отырған". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Екінші күдіктіден өткізуге дайындалған 25 орама есірткі заты табылып, тәркіленді.


"Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған ер адамдар қамауға алынды". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: