Шымкентте екі күдіктіден аса ірі көлемде "синтетика" тәркіленді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 10:46 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады.

Күдіктілердің жалдамалы пәтеріне жүргізілген тінту кезінде аса ірі мөлшерге жататын 250 грамм мефедрон, сондай-ақ сату мақсатында жасырылған жерден 30 грамм гашиш тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: