Қарағандыда бірнеше құқық бұзушылық жасаған мас жүргізуші ұсталды

Полиция, Қарағанды, мас, жүргізуші, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 19:39 Сурет: unsplash
Түнде Қарағандыда патрульдік полиция экипажы Прогресс көшесі бойымен жүріп келе жатып, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті байқаған. Тәртіп сақшылары оны тоқтатпақ болғанымен, талап орындалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, қарсы жолаққа шығып, жол апатына әкелуі мүмкін қауіпті жағдай да туғызған.

Алайда ол жуапкершіліктен сытылып кете алмады. Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында 32 жастағы ер адамның алкоголь иісі сезілген. Медициналық сараптама оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады.


"Жүргізушінің әрекеттеріне байланысты бірден бес хаттама толтырылды. Олардың ішінде полицияның заңды талабын орындамау, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, мемлекеттік нөмірсіз жүру, мас күйінде рөлге отыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бар. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Іс материалдары сотқа жолданып, процессуалдық шешім қабылданатын болады", деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: