Ақмола облысында есірткіге мас күйінде жүргізуші ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 20:06 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы ПД патрульдік полиция взводының қызметкерлері Атбасарда LADA VESTA маркалы автокөлікті тоқтатты. Себебі оның 21 жастағы жүргізушісі күдік тудырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттарды тексергеннен кейін 2023 жылы автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыруға жіберу туралы шешім қабылдады.

Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің "канабиноидтарды" қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғаны анықталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: