Ақтөбеде мас күйінде автобус айдаған жүргізуші ұсталды

Әкімшілік жаза, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 19:59 Сурет: polisia.kz
Бейбітшілік және Тургенев көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзғаны үшін ПАЗ маршруттық автобусы тоқтатылды. Автобус жүргізушісі өзінің мінез-құлқымен полиция қызметкерлеріне күдік туғызған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, автобус жүргізушісі есірткі пайдаланғаны анықталды. Аталған жайт бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.


"Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.Автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Материал әкімшілік соттың қарауына жіберілді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ мекеме механигіне қатысты ӘҚБтК-нің 619-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: