Алматылықтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер: мәслихат өзгерістер енгізді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, таблетка, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 16:32 Фото: freepik
10 желтоқсанда Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында "Алматы қаласында тіркелген азаматтарға амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетін медициналық көмектің, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемін қосымша ұсыну туралы" шешімге өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес, шешімнің қосымшасынан алматылықтарға тегін берілетін келесі дәрілік заттар алынып тасталды:

  • Жүрекшелердің фибрилляциясы мен трепетаниясы кезінде – ривароксабан;
  • Остеоартроз кезінде – эндопротез (имплант).

Сонымен қатар, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі аурулар бойынша нақтыланды:

  • Жүйелі қызыл жегі кезінде – ритуксимаб;
  • Дилатациялық кардиомиопатия кезінде – валсартан + сакубитрил.

Бұдан бөлек, тегін дәрі-дәрмек берілетін аурулар тізіміне жаңалары да қосылды:

  • Жүйелі қызыл жегі – анифролумаб;
  • Қысқа ішек синдромы – тедуглутид;
  • Оптикомиелоневрит (Девик ауруы) – ритуксимаб.

Шешім 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: