6 қазаннан бастап алматылықтарға жаңа дәрі-дәрмектер тегін беріледі
Фото: pexels
2025 жылғы 6 қазаннан бастап Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясының шешімі күшіне енді. Құжатқа сәйкес, қала тұрғындарының жекелеген санаттарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қосымша дәрі-дәрмектер тегін ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, "Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" бөлімі келесі препараттармен толықтырылды:
- Бронхиалды астма – Тезепелумаб;
- Псориаздық артропатия – Гуселькумаб;
- Гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб;
- Ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб;
- Крон ауруы – Ведолизумаб;
- Таралған склероз (рассеянный склероз) – Офатумумаб;
- Жүйелі склероз, жүйелі склеродермия – Ритуксимаб;
- Қалқанша безінің қатерлі ісігі – Селперкатиниб;
- Өкпе обыры – Селперкатиниб;
- Көптік миелома – Помалидомид.
Аталған шешім 2025 жылғы 19 қыркүйекте қабылданып, 6 қазаннан бастап ресми түрде күшіне енді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript