Ақмола облысында ауыл тұрғынының бір үйір жылқысын ұрлаған күдікті қолға түсті

Мал ұрлығы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, күдікті, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 18:58 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы, Ерейментау ауданының бір ауылында 24 құлын қолды болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мал жайылымда болғандықтан, олардың жоғалғанын қожайыны бірнеше күннен кейін ғана байқаған. Ол бірден полицияға хабарласты.

"Құқық қорғау органдары қылмыстық іс тіркеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ықтимал куәгерлерден жауап алынып, жақын маңдағы жайылымдар, фермерлік қожалықтар мен малды өткізу орындары тексерілді, сондай-ақ ет сатып алушының жеке басы анықталды. Іздестіру барысында 49 жастағы күдікті ұсталып, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Құқық қорғау органдары тұрғындарға малын мұқият бақылауда ұстауды және жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: