Жобаларды арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландыру: өзгерістер енгізілді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Атап айтқанда, арнайы мемлекеттік қордың қаражаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына қатысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталмайтыны нақтыланады. Алайда бұған мынадай жағдайлар ерекше болып табылады:
- "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу шығындары;
- Қазақстан Республикасы Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау мен дамыту үшін инфрақұрылым нысандарын сатып алу (сатып алып қою);
- сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, даму қаржы институттарына, екінші деңгейлі банктерге және микроқаржы ұйымдарына берілетін бюджеттік кредиттер.
Ұлттық жоба аясында көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу жобаларын, сондай-ақ Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау мен дамыту үшін инфрақұрылым нысандарын сатып алу (сатып алып қою) жобаларын әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесінің жобасына енгізу және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару Қазақстан Республикасы Кодексінің 148-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрық 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.