Конституцияға енгізілетін түзетулер: Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығы сақталады
Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында ҚР Конституциясының 18 және 32-баптарына сөз бостандығы кепілдігі мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығын қамтымайтын нақтылаулар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптарына енгізілетін редакциялық нақтылау тек формальді сипатқа ие және азаматтардың негізгі құқықтарына әсер етпейді. Яғни, Конституцияға енгізілетін түзетулерде сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығы сақталатыны айтылады.
"Бұл баптардағы шектеулер бұрыннан бар, қазір тек оларды нақтылап отырмыз. Жаңа тыйымдар енгізілмейді, тек қоғам үшін маңызды нормаларды түсінікті етіп, қате түсіндірілуіне жол бермеу мақсатында түзетіп жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығын бұрынғы көлемінде сақтап, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайта түседі", - деді Никита Шаталов.
Бұған дейін "Келешек" жастар кеңесінің басшысы Гүлзира Атабаева білім берудің зайырлы сипатын нақты түрде бекіту жөніндегі ұсыныс жастар үшін аса маңызды әрі уақтылы қадам екенін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript