Депутат Конституцияға волонтерлікті ынталандыру туралы норма енгізуді ұсынды

Волонтер, депутат, Вера Ким, Конституция, ынталандыру, норма , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 16:46 Сурет: akorda.kz
Мәжіліс депутаты Вера Ким Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 7 ақпандағы отырысында Қазақстандағы волонтерліктің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вера Ким президентіміздің волонтерлер еліміздің әлеуметтік тұрақтылығының маңызды тірегі деп айтқанын баса атап өтті.


"Конституцияның жаңа жобасына ұсыныстарды қабылдау жарияланғаннан бері волонтерлік ұйымдар мен волонтерлердің өздерінен өтініштер келіп жатыр. Осы орайда 31-баптың 2-тармағына "волонтерлік" сөзін енгізу ұсынысы болды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылық жасауды қолдаумен қатар, волонтерлікті де ынталандыруды конституция деңгейінде бекітуді ұсынамыз. Өйткені волонтерлердің қызметі өте маңызды, олар төтенше жағдайларда, ауруханаларда, әлеуметтік салада көмектеседі", - деді Вера Ким.

Оның айтуынша, "волонтерлік" сөзі норманы логикалық тұрғыдан толықтырады.

"Бұл жағдайда мемлекет тек ресурстар мен тетіктерді ғана емес, азаматтардың да осы қызметке қатысуын қолдап, көтермелеп отырады. Мен бұл бастаманы бүкіл еріктілер қозғалысының атынан қолдаймын, жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, бүгінде әрбір сегізінші азаматтың волонтерлік тәжірибесі бар. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде волонтерлікке 300 мыңға жуық адам тартылған, бұл салада 800-ге жуық ұйым мен 3500 бастамашыл топ жұмыс істейді", деп сөзін түйіндеді Вера Ким.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: