Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы тараздық полиция назарына ілікті

Полиция, Тараз, Құндыз, Назгүл, азаптау, Зүльфия, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 22:53 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакциямыз аталған жағдайға байланысты өңірлік полиция департаментіне жүгініп, сауал жолдады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабымен (Азаптау) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғаны белгілі болды.


"Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қатаң түрде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады", делінген полиция жауабында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: