Асхат Аймағамбетов: "Мәдениет – ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры"

Асхат Аймағамбетов, жаңа Конституция, жоба, популизм, жауапкершілік , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 19:28 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Конституцияның преамбуласында жаңа мемлекеттік ұстаным анық аңғарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы депутат Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының жиынында атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ашығын айтсақ, Конституцияның преамбуласы әдетте жай ғана салтанатты сөздер жиынтығы деп қабылданып келді. Алайда жаңа Конституцияның жобасындағы мәтін мүлде бөлек, мағынасы да бөлек, салмағы да бөлек. Бұл мәтінді оқи отырып, тек құқықтық нормаларды емес, қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы даланың мың жылдық тарихының сабақтастығын сақтайтын жаңа мемлекеттік ұстанымды көріп отырмыз"- деді ол.

Сондай-ақ депутат жаңа Конституция жобасының ең маңызды тұстарына арнайы тоқталып, нақты міндеттемелерге назар аударды.

"Білім, ғылым және инновация құндылықтарына сүйене отырып деген жаңа әрі нақты міндеттеме енгізіліп отыр. Бұл маңызды ұстаным қабылданса, біз Қаржы министрлігінің ғылым мен білімге бюджетті қысқарту туралы кез-келген уәжін жоққа шығара аламыз. Бұрын заңдар бюджетке ыңғайланса, енді бюджет қағидалары Ата Заңның дәл осы принциптеріне бағынуға міндетті болады. Жай сөзбен айтқанда, енді кімде-кім мұғалім мен ғалымнан ақша үнемдеуді ұсынса, ол енді жай ғана мемлекеттік бағдарламаға қарсы емес, тікелей Конституцияға қарсы шыққан болып табылады. Мен – осылай түсінемін", – деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа құжатта мәдениет – конституциялық құндылық ретінде бөлек бекітілгенін айтып, мәдени саясаттың өзегіне мән берді.

"Жасыратыны жоқ, көбі мәдениетті тек қана концерт пен театр деп қабылдап келді. Бұл Конституцияда мәдениет ұлт қауіпсіздігінің жүйесі ретінде, ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры ретінде көрсетілуде. Вандализм, мәдениетсіздік, жастардың теріс ағымдарға кетуі бұл полицияның ғана жұмысы, әлде полицияның ғана жауапкершілігі емес, бұл – мәдени саясаттың өзегі. Сондықтан мәдениетке үлкен басымдық берілуде", – деді ол.

Халық қалаулысы жоғарыда аталған барлық қағидаларды біріктіретін бір үлкен ортақ идея барекеніне, ол – Әділетті Қазақстан және заң мен тәртіп қағидаты екеніне тоқталды.

"Әділеттілік болмаса, тұрақты дамыған қоғам болмайды. Заң мен тәртіпсіз әділеттілік орнамайды. Өте маңызды тағы да бір тұсы бар. Конституцияға өзгерістерді енді тек референдум арқылы енгізу туралы норма ұсынылды. Дауыс бергенде де нақты меже бөлу, орнату бұл да ерекше маңызды шешім деп айтар едім. Жалпы, бізге тұлғаларға емес, институттарға сүйенетін мемлекет құру өте маңызды", – деп түйіндеді депутат.

Бұған дейін Түркістан облысында конституциялық реформалардың негізгі басымдықтары мен өзгерістерін талқылаған мәжіліс өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: