Қызылордада Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті

Отырыс, Қызылорда, конституциялық реформа, өңірлік актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 22:17 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 2 ақпанда Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жаңа Ата Заңның жобасы әзірленді. Осы мақсатта 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бір аптаға жуық жұмыс жасаған комиссия жеке азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды егжей-тегжейлі талдады.

Ашық қоғамдық талқылаулардың, жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде Ата заңның жаңа жобасы әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, Сыр өңірі жұртшылығын бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырды.

"Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, Парламенттік реформа жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазан айынан бері еліміздегі саяси партиялардан, сарапшылардан, саяси-қоғамдық институттардан, үкіметтік емес ұйымдардан, азаматтарымыздан Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар жинақталды. Мемлекет басшымыз Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Жұмыс тобының ұсыныстарын негізге ала отырып, Қазақстанның алдағы саяси бағыт-бағдарын айқындап берді", деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Отырыс, Қызылорда, конституциялық реформа, өңірлік актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 22:17

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ өңір басшысы президенттің Құрылтайда еліміздегі бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымдарын жеткізгенін, ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынғанын баса атап өтті.

"Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болмақ", – деді Қызылорда облысының әкімі.

Имамзада Қуанышбайұлы, Қызылорда, отырыс, конституциялық реформа, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 22:17

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында ҚР Парламенті сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматтары Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Мұрат Жолкелдіұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, Конституциялық комиссияның мүшесі Имамзада Қуанышбайұлы өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Отырыс, Қызылорда, конституциялық реформа, өңірлік актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 22:17

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: