Өзін пошта, байланыс саласының қызметкері ретінде таныстырып, 21 адамды алдап соққан шетел азаматы болып шықты
Сурет: pixabay
Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық және ұйымдасқан топты құру және оған қатысу баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
"Тергеп-тексеру барысында 2024–2025 жылдар аралығында шетел мемлекетінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етіп, интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық жолымен 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басқарғаны анықталды. Алаяқтық мобильді байланыс құралдарын пайдалана отырып, телефон қоңыраулары арқылы жасалған. Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары мен байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен азаматтардың атына несие рәсімдеп, алынған ақшалай қаражатты иемденген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 20 млн теңге қайтарылды. Күдіктілердің 3 автокөлік құралына тыйым салынды". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қалған залал сомасы сот тәртібімен мәжбүрлеп өндірілетіні де нақтыланады.
Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.
Бұған дейін Екібастұзда полицейлер алаяқтардың әрекетін жедел түрде тоқтатқанын жазғанбыз. Бұл арадағы алаяқтық схемасы қарапайым: WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз адам тұтынушыға оның мекенжайына су есептегіш құралдарын тексеру үшін мамандар жіберілетінін хабарлаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript