"3 млн теңге мен алтын бұйымдар": Түркістан облысында немересі әжесін тонаған

Алтын бұйым, Түркістан облысы, Сауран ауданы, ұрлық, тонау, әже, немере, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 20:10 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жас жігіт өз әжесін тонап, оның жинаған 3 млн теңгесі мен алтын зергерлік бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, Сауран ауданында зейнеткер полицияға пәтеріне ұры түскенін айтып, арызданған. Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің немересі болып шықты.

"Жас жігіт ересектердің үйде жоқтығын пайдаланып, күндізгі уақытта пәтерге кіріп, жатын бөлмедегі сейфті бұзып, 3 млн теңге мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Жалпы материалдық шығын шамамен 7 млн теңгені құрады. Күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды сауда нүктелерінің біріне өткізген", делінген 2026 жылдың 16 ақпанында жарияланған басылым ақпаратында.

Барлық қажетті процессуальды шаралар заңға сәйкес жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Бұған дейін енесін тонаған лудоман келін туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: