Енесін тонаған лудоман келін: Түркістан облысында ұрлық қылмысы әшкереленді

Құмар ойын, ене, тонау, лудоман, келін, Түркістан облысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 22:59 Сурет: pixabay
Түркістан облысында полиция отбасылық драмалық сериалдың сюжетіне ұқсайтын үйдегі ұрлық оқиғасының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының тұрғыны үйінен алтын зергерлік бұйымдар мен ақшаның жоғалғанын айтып, полицияға арызданған. Кінәліні табу қиынға соққан жоқ, ұры алыстан келмепті, ол сол үйдің келіні болып шықты, деп жазады 29 желтоқсанда Otyrar.kz.

Тергеуші мәліметтері бойынша, әйел адам мамыр айынан бастап үйден зергерлік бұйымдар мен ақшаны жасырын түрде алып шығып отырған. Алтынды ломбардқа кепілге қойып, түскен қаражатты құмар ойындарға жұмсаған. Жалпы шығын көлемі 8,5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін әлеуметтік желі арқылы жаңажылдық шырша сатып алмақ болған Қосшы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: