Теледидарды "ала дорбаға" салып қашқан: ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Теледидарды "ала дорбаға" салып қашқан: ұрлық жасаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 17:44 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтердергі ұрлық қылмысын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ер адам түнде жеке үйдің ауласына ұрланып кірген.

Алдымен пластикалық терезені таспен сындырып, ішке еркін кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды іздеген. Ештеңе таппаған соң қонақ бөлмедегі Samsung теледидарын жүк салатын сөмкеге тиеп, терезеден қашып кеткен. Алайда күдіктінің жымысқы әрекеті көпке бармады.

Тәртіп сақшылары дер кезінде ер адамды тұрғылықты жерінен анықтап, айғақты затты тәркілеп алды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: