Түркістан облысында полицейлер электр кабелін ұрлаған ер адамды қолға түсірді

Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық қылмысына барған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам бір жыл бұрын құрылыс жұмыстарын жүргізген мекемеге ұрлыққа түскен.
Ол күзетшінің болмайтынын, бейнебақылау камералары жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта қоймаға кіріп, 100 метрге жуық электр кабелін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңге.
Полиция қызметкерлері айғақты заттарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript