Түркістанда сауда орнынан алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 13:23 Фото: Zakon.kz
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық қылмысын жасаған қала тұрғынын қолға түсірді.

Белгілі болғандай, әйел алтын бұйымдар сататын сауда орнына барып, сатушыдан алтын алқаларды көрсетуді сұраған.

Сатушының басқа да сатып алушыларға назар аударып тұрғанын байқаған әйел алтын білезікті жасырын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Содан ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп үлгерген. Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері қолды болған айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне тапсырды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа да дәл осындай ұрлыққа қатысты тағы 1 фактісін анықтады.

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: