Павлодарда қызымен ұрсысып қалған студент бозбала өз-өзін жарақаттады

Жедел жәрдем, Павлодар, қызымен ұрсысу, студент, бозбала, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 19:18 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда медициналық колледжде кәмелетке толмаған студент өзіне жарақат салған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бозбала қызымен арада болған ұрыстан кейін осындай эмоционалды қадамға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат желіде 2026 жылдың 27 ақпанында пайда болды. Әлеуметтік желіде куәгерлер жас жігіттің колледжге келіп, қызымен арадағы қарым-қатынасты анықтауға тырысқанын әрі ұрыс-жанжал кезінде оның өзіне қарсы өткір құрал қолданғанын айтады.

Павлодар облысының полиция департаменті аталған фактіні растап, оқиға орнына тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем бригадасы дереу жеткенін атап өтті.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, колледждің кәмелетке толмаған студенті иығы тұсына дене жарақатын салған. Жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол үйіне жіберілді. Оқиға құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Zakon.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиға құралы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Полицейлер оқиғаның барлық себептері мен өзге де деректерін анықтайтын болады.

Бұған дейін Ақтөбе облысы, Темір ауданында шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен 23 жастағы тарих пәнінің мұғалімі өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: