ШҚО-да жол талғамайтын көліктің өзі қарға батып, жолда қалған
Сурет: polisia.kz
Тарбағатай ауданындағы республикалық маңызы бар Омбы — Майқапшағай тас жолында боран мен қалың қар салдарынан жол талғамайтын көлік жолдан шығып кеткен. Омбы қарға қадалған көлік өз күшімен кері шыға алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына патрульдік полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов пен табиғатты қорғау тобының инспекторы Ришат Ахметов шұғыл жетті. Тәртіп сақшылары көлік айналасын қардан тазартып, дөңгелектерін босатты және арнайы техниканың жұмыс істеуіне жағдай жасады. Кейін трактордың көмегімен көлік қайтадан тас жолға шығарылды.
"Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші полицейлерге жедел әрекеті үшін алғыс білдірді", делінген хабарламада.

Сурет: polisia.kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript