Алматыда танымал бренд атауындағы жалған өнімдер тәркіленді

Контрафактілік өнім, Алматы, Nesquik, Louis Vuitton, зияткерлік меншік, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2026 12:03 Сурет: gov.kz
Алматы қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әлемге танымал брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментімен (Киберполиция) бірлесіп жүргізілген тексеру барысында Nesquik  тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану арқылы өнімдер өткізілген.

"Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 2000-нан астам заңсыз өнім тәркіленді. Сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментімен жоспардан тыс тексеру шеңберінде Louis Vuitton тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Өнімдердің сапасының төмен екені және заңнама талаптарын бұза отырып сатылғаны белгіленді. Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды", делінген хабарламада.

Әділет органдары жүргізіп отырған жұмыс адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға және контрафактілік әрі әлеуетті қауіпті өнімдердің айналымының алдын алуға бағытталған.

Бұған дейін Қарағандыда полиция ірі көлемдегі контрафактілік өнімнің таралуына жол бермегені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: