Түркістан облысында заңсыз айналымнан 350-ге жуық трамадол таблеткасы тәркіленді

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 17:27 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде трамадолды заңсыз сақтауға және өткізуге қарсы іс-қимыл бойынша рейд өткізіп жатыр.

Мәселен, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, трассалардың бірінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты.

Жедел уәкілдер автокөлікті, ондағы жолаушыны тексеру кезінде 200-ден астам трамадол таблеткасын тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында трамадол препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегі анықталды.

Полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық психотроптық таблетка тәркіледі.

Бұл жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: