Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру: түзетулер әзірленді

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 17:02 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлігіндегі кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрық жобасымен келесі бағыттар:

  • төлемдерді тағайындау кезінде қолма-қол табыстарды (жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және т.б.) есепке алу;
  • табысты әлеуметтік салық және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары арқылы растау;
  • артық төленген сомалар мен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) қайтару тәртібін енгізу бойынша өзгерістер енгізіледі.

Бұйрық жобасы азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ҚР жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын іске асыру үшін әзірленді.

Бұйрық жобасы 20 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: