Астанада стоматологиялық клиника кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Астана қаласында полиция қызметкерлері стоматологиялық клиникалардың бірінде жасалған ақшалай қаражат ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталғандай, 43 жастағы ер адам медициналық мекеме қызметіне жүгінуші ретінде келген. Бөлмеде адамдардың жоқтығын пайдаланып, ол еркін қолжетімділік арқылы барсетканы жасырын түрде ұрлап, ішіндегі ақшаны алып, кейін оны бұрынғы орнына қайта қойған да, клиникадан шығып кеткен.
"Келтірілген шығын көлемі шамамен 350 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанадағы мешіттердің бірінде құны 1 млн теңге болатын күртеше ұрланғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript