Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды

Түрме, Атбасар, азаптау, ҚАЖК, сотталушылар, Ақмола облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 22:15 Сурет: Zakon.kz
Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс ары қарай қарауға Атбасар аудандық сотына берілетін болды. Бұл туралы 2026 жылдың 5 мамырында Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 4 мамырдағы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі соттылығы бойынша Атбасар аудандық сотына жолдау туралы прокурордың өтініші қанағаттандырылды.

Сотта басты сот талқылауы барысында прокурор 12 айыпталушыға ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген жаңа айыптау актісін ұсынды және істі соттылығы бойынша Атбасар аудандық сотына жолдау туралы өтініш білдірді.

ҚК-нің 362-бабы 1-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады, алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санатына кірмейді, қылмыс жасалған орын – Атбасар қаласындағы ҚАЖК мекемесі. Осы мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық іс қарау үшін соттылығы бойынша Атбасар аудандық сотына жолданды.Ақмола облысының ҚІЖМАС

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2025 жылы ақпанда сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері кінәсіз деп танылды. Ақталғандарға оңалту құқығы берілген еді. Алайда 2026 жылы 17 наурызда Атбасар колониясындағы азаптау бойынша іс қайта қаралатыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: