Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған зертхана анықталды
Сурет: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі
2026 жылғы 28 сәуірде Мұнайлы ауданындағы елдімекендердің бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге жүргізілген тексеру кезінде аулада есірткі затына ұқсас өсімдіктерді жою әрекеті кезінде екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында жедел-тергеу тобы аталған мекенжайға тінту жүргізіп, аулада орналасқан шаруашылық құрылысының ішінен есірткі өсіруге арналған арнайы жабдықталған зертхананы анықтады.
"Атап айтқанда, оқиға орнынан фитолампалар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электрлі генераторлар және қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, басқа шаруашылық құрылысынан фольгаға оралған “марихуана” есірткі затына ұқсас заттың 15 данасы, электронды таразы, қолдануға арналған құрылғылар және ноутбук табылды. Үй аумағынан қосымша өсірілген өсімдіктер де анықталды", - дейді тәртіп сақшылары.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келі 840 грамм марихуана екені анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық істер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript