Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апаты: полиция аталған оқиғаға қатысты тың мәліметпен бөлісті
Сурет: unsplash
Ведомствоның мәліметінше, кісі өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
Көлік тізгініндегі әйелге қатысты адам өліміне әкеліп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу және көлік құралдарын пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Мән-жайды анықтау барысында әйелдің көлік құралын тізгіндеуге құқығы жоқ екендігі және тиісті дайындықтан өтпегені анықталды.
"Оның жұбайы - автокөлік иесінің үстінен көлік құралын басқаруға рұқсаты жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, бұл бап бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны да қарастырады", – дейді 2026 жылдың 11 мамырында өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
"Бұл қылмыстық істі тергеу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының бақылауында", деп толықтырады құқық қорғау органдары.
2026 жылдың 9 мамырында Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында жол апаты болды. Қайғылы оқиғаға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан көлік тұрағына бұрылған темір тұлпардың алдымен бордюрға шығып, содан соң сол маңнан өтіп бара жатқан әйелді қағып, оны басып өткенін көруге болады.