Ақтауда заңсыз айналымға шығарылмақ болған қара уылдырық тәркіленді

Қара уылдырық, Ақтау, Бекіре, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2026 13:59 Сурет: polisia.kz
Ақтауда арнайы жедел-профилактикалық іс-шара аясында заңсыз айналымға шығарылмақ болған қара уылдырық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:


"14 мамырда Ақтау қаласының 6-шағынауданы аумағында "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тексеру барысында 38 жастағы азаматқа жеке тінту жүргізіліп, нәтижесінде жалпы салмағы 2,200 келі болатын қара уылдырық салынған 4 пластик ыдыс табылып, тәркіленді".

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: